Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суханбердиева сот алдында кінәсін толығымен мойындады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан сот отырысында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиева кінәсін толық мойындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эльмира Суханбердиева. Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Эльмира Суханбердиева. Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC
"Сұханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды. Күдікті өз айыбын толық мойындады", - деді прокурор сот отырысында.

Айта кетейік, бұрынғы мемлекеттік қызметкер пара алғаны мен қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталды.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803810-bilim-vice-ministri-suhanberdieva-sot-aldynda-kinsin-mojyndady/

pixel