Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лидо төртінші мәрте ана атанды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Лидо төртінші сәбиін дүниеге алып келді. Шоу-бизнес жұлдызы жолдасына тағы бір қыз сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар қызына Рамина деген ат қойған. Төртінші мәрте ата-ана атанған олар енді көпбалалы отбасы болып саналады.

Өнер иесі отбасындағы аса қуанышты хабарды өзінің Instagram парақшасында жария еткен. Белгілі болғандай, отандық жұлдыз 29 тамыз күні босанған.

"Енді құттықтай берсеңіздер болады. 29 тамыз күні біз тағы да қызды болып, дүниеге тағы бір ханшайымымыз келді. Есімі - Рамина. Салмағы 3280 келі, бойы 51 см! Мен бірінші рет осылай жеңіл әрі тез босандым. Анасы мен қызы өздерін жақсы сезінуде. Мені жоғалтпаңыздар, әлі байланысқа шығамын" , - деп жазады Лидо презентханадан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813855-lido-trtinsi-mrte-ana-atandy-foto/

pixel