Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілі ауған шығар": Жүрсін Ерман 82 жасында үйленген Нүсіпжанов туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Айтыс жанашыры Жүрсін Ерман 82 жасында отбасын құрған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа қатысты өз ойын айтты. Ол өнер иесінің бұл маңызды қадамға қоғамда шу туатынын біле тұра барғанын айтты деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Танымал ақын өзінен 45 жас кіші журналисті жар еткен Нүсіпжановты кінәләудан аулақ екенін алға тартты.

Жүрсін Ерман бұл жұптың қосылуына дүние мен байлықтың еш қатысы жоқ деп есептейді.

"Нұрғали Нүсіпжановты елдің барлығы желіде сөз етіп жатыр. Неге бұл жағдайға Нұрғалидің көзімен неге қарамаймыз? Мәселе дүниеде емес. Мәселе байлықта емес. Көңілі ауған шығар, жақсы көрген шығар. Содан кейін, Нұрғали бұл қадамға арты үлкен әңгімеге айналарын біле тұра барды. Оны неге кінәләуымыз керек? Ұлы мәртебелі махаббат жасасын" , - деп қысқа қайырды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші әйелге үйленгенін хабарлаған болатынбыз. 82 жасында отау құрған әншіні барша отандық жұлдыздар жаппай құттықтады.

Танымал әнші мен Жадыра Сейдештің некелесуі желіде қызу талқыға түскен. Бұл мәселеге қатысты бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұлов пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820950-kili-augan-sygar-zrsin-erman-82-zasynda-jlengen-nsipzanov-turaly-pikir-bildirdi/

pixel