Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алты әйел алған: Жұбайын атып өлтірген елордалық азамат туралы көршісі айтып берді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында мас күйінде өз әйелін атып өлтіріп, баласын жаралаған азамат туралы көршісі айтып берді. Тоғыз қабатты үйдің тұрғыны күдіктіні сабырлы адам ретінде сипаттайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Видеодан кадр: КТК
Видеодан кадр: КТК: Facebook

Көрші тұратын үлкендердің бірі Галина Латыпова бұл отбасын жақсы таниды. Алғаш барып жағдайды өз көзімен көрген де осы кісі.

"Ішке кірсем, оң жақта баласы отыр. Арғы жағында әйелі жатыр. Ал ол қолында мылтық ұстап тұр екен. Мылтығын қолынан алдым да лақтырып жібердім. Сосын дереу баласын сыртқа алып шығып отырғыздым", - дейді ол.

Куәгердің сөзінше, әйел етпеттеп құлаған күйі жатқан. Полиция мен жедел жәрдемді шақырған да көршілер екен.

Үй тұрғындары көршісінің анда-санда ішетіні болмаса, ақыл-есі түзу, мінезі салмақты адам ретінде таниды екен.

Телеарнаның мәліметінше,59 жастағы кісі осымен алтыншы рет әйел алған екен. Үш бөлмелі пәтерінде соның бесіншісімен тұрып жатыпты. Әйелінен бөлек, бесінші және алтыншы әйелдерінен тапқан екі ұлы болған. Оқтан жараланған бала сол алтыншысынан тапқан 5 жасар бала. Көршілері бұл кісіні қару қолдануға жеткізген – сол екі әйелі дейді.  

"Қасына барғанымда олар менің түбіме жетті деумен болды. Сол бесінші және алтыншы әйелдері оның екі жақтап есін шығарған. Солардан шаршаған кезде ішіп кетеді", - дейді Латыпова.

Айта кетейік, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мас күйінде жұбайын атып өлтіріп, баласын жарақаттады.

Ер адам қазір тергеуге алынған. Ал баласына ота жасалып, қазір анасымен бірге ауруханада жатыр.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823378-alty-jel-algan-zbajyn-atyp-ltirgen-elordalyk-azamat-turaly-krsisi-ajtyp-berdi/

pixel