Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері 800 мың теңге пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

Жамбыл облысы Меркі ауданының Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Б.Т. Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

"Ол ЖШС өкілінен 2 млн. 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын",- делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Меркі аудандық сотының үкімімен аталған лауазымды адам пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Айта кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетелдік компания қызметкерлерінің қазақстандық шенеуніктерге пара бергені туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Оқиға 2006-2008 жылдары болуы мүмкін. Сол себепті, ведомство қызметкерлері ақпаратты қайта тексеру үшін мұрағаттарды ашуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1827536-zambyl-oblysynda-auruhanany-bas-drigeri-800-my-tege-para-algany-sin-sottaldy/

pixel