Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польшада қарағандылық студент қызды трамвай қағып, мерт болды

Опубликовано:

Польшада академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студентін трамвай қағып кетті. 19 жастағы ару алған жарақаттарынан көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жоғары оқу орнының студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның Катовице қаласында білім алып жүрген.

Белгілі болғандай, Қарағанды мемлекеттік университетінің үздік студенті болғандықтан оған Польшада білім алуға мүмкіндік берілген екен. Ол келесі жылдың ақпан айында Қазақстанға оралуы тиіс болатын.

27 қараша күні кешке ол оқудан қайтып бара жатқан. Ұялы телефонымен сөйлесіп келе жатып, байқамай белгіленбеген жерден жолға шығып кеткен көрінеді.

Болжам бойынша, ол қоғамдық көлік аялдамасына бару үшін жолдан өтпек болған. Сол сәтте қазақстандық студентті трамвай қағып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Қарағанды мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, қаза болған 19 жастағы студент қыз экономика факультетінің екінші курсында оқыған.

"Қаза болған қыз расымен біздің студент болатын. Оның отбасы мен барлық туыстарына көңіл айтамыз. Ол ең үздік оқушылардың бірі еді", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829795-polsada-karagandylyk-student-kyzdy-tramvaj-kagyp-mert-boldy/

pixel