Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының әкімі айына қанша жалақы алады

Опубликовано:

Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов айына қанша жалақы алатынын айтты. Әкімнің сөзінше, айлық табысы 800 мыңға жуық деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kostanay.gov.kz
Фото: kostanay.gov.kz: UGC

Нұр-Сұлтанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Архимед Мұхамбетов ай сайын 762 мың теңге алатынын мәлімдеді.

Әкім қаражатын барлық адамдар сияқты азық-түлікке, жарық пен судың төлеміне жұмсайды.

"Үй үшін, коммуналдық қызмет үшін 40 мың теңге төлеймін", - дейді өңір басшысы.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов тапқан табысын жинауға тырысатынын айта кетті. Қаражат болашақта балаларына, олардың оқуларына қажет болмақ.

Сонымен қатар шенеунік өзінің ешқандай резиденциясы жоқ екенін де атап өтті.

Ол жылына 50 миллион теңге жұмсалатын кешеннің ішіндегі бір ғана үйде тұрады. Дәл сол баспананың коммуналдық қызметтерін де төлейді.

Әкімнің айтуынша, өңірдің басшылығында болған азаматтар дәл осы жерде КСРО кезінен бері тұрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов та айына қанша жалақы алатынын жариялаған еді. Оның табысы 766 мың теңге.

Сондай-ақ, Алматы қаласының басшысы Бақытжан Сағынтаев та табыс мөлшерін жариялап, қолына 850 мың теңге алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830533-kostanaj-oblysyny-kimi-ajyna-kansa-zalaky-alady/

pixel