Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды

Опубликовано:

Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болғандардың нақты саны белгілі болды. Сондай-ақ, олардың есімдері аталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесі мен 93 жолаушы болған. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар:

Украинаның 2 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы, Қытайдың 1 азаматы, қалғандары Қазақстан азаматтары.

Төтенше жағдай салдарынан сағат 12:30-дағы мәліметке сәйкес, 12 адам оның ішінде экипаж командирі де қаза болған.

Алматы қаласының әртүрлі медициналық мекемелеріне 49 адам жеткізілген, оның 18-і ауыр жағдайда. Қалғандарына медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Шұғыл желіге 603 қоңырау келіп түскен.

Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қаза тапқандардың тізімі:

1. Николай Астанов, 1971 г.р

2. Рустам Кайдаров, 1940 г.р.

3. Бауыржан Калиев, 1974 г.р.

4. Базархан Карибаев, 1974 г.р.

5. Марат Муратбаев, 1961

6. Абай Нурбеков, 1986

7. Аршат Исина

8. Сания Аманжол,

9. Дана Круглова, 1984 г.р.

10. Каирхан Туматов, 1955 г.р.

11. Валерий Ануфриев

12. Имина Оспанова, 1963 г.р.

Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Бұған дейін қайтыс болғандардың саны 15 адамға жеткені хабарланды.

Төтенше жағдай салдарынан мерт болғандар арасында Informburo журналисі мен "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе компаниясы өз ұшағының апатқа ұшырауына байланысты пікір білдіріп, барша қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1833858-almatydagy-sak-apaty-kaza-tapkandardy-nakty-sany-men-esimderi-belgili-boldy/

pixel