Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы құрылыс алаңында мұнара краны құлап кетті (видео)

Опубликовано:

Ақтаудағы құрылыс нысандарының бірінде мұнара краны құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Бүгін, 14 қаңтарда салынып жатқан ғимарат аумағында мұнара краны бөлініп қалған. Оқиға шамамен күндізгі 16:00-де, 19 шағын ауданда болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиға орнында тәртіп сақшылары бар. Олар болған жайтттың мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шараларды жасауда.

Әзірге басқа ақпарат жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Нұр-Сұлтанда да мұнаралы кран құлаған еді. Абырой болғанда машинист кабинасынан шығып үлгерген. Зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның ертесіне елорда әкімі Алтай Көлгінов төтенше жағдайдан кейін мәлімдеме жасаған. Нұр-Сұлтан басшысы Twitter парақшасында оқиғаға қатысты пікір білдірген. Оның сөзінше, қазіргі таңда елордада құрылыс кез келген уақытта жүре береді. Ол қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттілігін атап өткен.

Сондай-ақ Камбоджаның Кеп қаласында соғылып жатқан ғимарат құлап, 36 адам қайтыс болған.

Құтқарушылар іздеу операциясы барысында жеті қабатты ғимарат үйіндісінің астынан тірі қалған 23 адам мен қаза тапқан 36 адамды шығарған.

Соңғы құтқарылған, аман қалған әйел адам үйіндінің астында үш күн жатқан. Қаза болған 36 адамның 14-і әйел адам және алтауы бала.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1836107-aktaudagy-krylys-alaynda-mnaraly-kran-klap-ketti-video/

pixel