Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі жарияланды

Опубликовано:

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ОКҚ өткен брифингте ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің алты өңіріне төтенше жағдай режимін енгізуге дайындалып жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Бізде қалада, Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды. Ол әділет басқармасының тіркеуінен өтті. Қазіргі уақытта алты өңірде төтенше жағдайлар комиссиясының отырысына дайындық болып жатыр. Қай жерде қиындық болса, сонда төтенше жағдай жарияланады", - дейді Ильин.

Әңгіме Ақмола, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жайында.

Оның айтуынша, төтенше жағдай режимі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің бұзылуына, адамдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына уақытында жеткізудің, сондай-ақ тамақ пен медициналық қызмет көрсетудің мүмкін еместігіне байланысты жарияланады.

Спикердің сөзінше, аймақтардағы жағдайға байланысты шешімді әкімдіктер қабылдайды.

Ильиннің айтуынша, елдің бірнеше аймақтарында ауа райы күрт нашарлаған. Алты аймақта жедел штаб ұйымдастырылып, тәулік бойына жұмыс істеуде. Оған Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

Бүгінде Алматы және Нұр-Сұлтан, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, СҚО және БҚО аумағындағы 95 автокөлік жолдары жабылған.

Астана әкімдігі де ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанға төтенше жағдай енгізілгенін растады.

"Біз бүгінгі күннен бастап, Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілгенін растаймыз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім кешке және ертең таңертең болатын ауа-райына байланысты қабылданады.

"Егер ауа райы осылай болып тұрса, ертең де төтенше жағдай режимі болады. Төтенше жағдай режимі жабылған кезде біз хабар беретін боламыз", - деді ол.

Биліктегілер жұмыс берушілерге жұмыс күнін қысқартуға кеңес берген. Алайда шұғыл және коммуналдық қызметтегілер күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Айта кетсек, бүгін, 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда қатты боран соғуына байланысты барлық мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылғаны хабарланған. Желдің екпіні секундына 20 метрден асады. Жолдар жабылған, көшелермен жаяу жүру қиындаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837975-nr-sltanda-ttense-zagdaj-rezimi-zarialandy/

pixel