Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиға байланысты өңір басшысына бірнеше адамды қызметінен алуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.  
Сонымен қатар мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті мәлімдеме жасап, тәртіпсіздік жасағандар заң аясында жазаға тартылатынын хабарлады.

Сонымен қатар президент қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840230-tokaev-kordajdagy-okigaga-bajlanysty-birkatar-seneunikterdi-kyzmetinen-bosatudy-tapsyrdy/

pixel