Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Опубликовано:

Қазақстанның жаңа бас санитарлық дәрігері тағайындалды. Жандарбек Бекшиннің орнына бұл қызметке Айжан Есмағамбетова келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ
Айжан Есмағамбетова. Фото: ОКҚ: Facebook

Жаңа тағайындау туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлім етті. Жандарбек Бекшиннің аталған қызметтен не себепті кеткені айтылмады.

Ашық дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, Есмағамбетова 2017 жылдан бері ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментін басқарған.

Еліміздің жаңа санитарлық дәрігері 47 жаста. Ол Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіріп, қызметтік мансабын фельдшер-зертханашы болып бастаған.

Есмағамбетова бұған дейін 2013-2014 жылдар аралығында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған. Ал 2013 жылға дейін ол бас санитар Жандарбек Бекшиннің орынбасары болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігері болған Жандарбек Бекшиннің қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.

"Мен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарамын", - деп пікір білдірді Бекшин.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1846623-kazakstanny-zaa-bas-sanitarlyk-drigeri-tagajyndaldy/

pixel