Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтске коронавирус жасап шығарды деген айып тағылды

Опубликовано:

Америкалық мультимиллиардер және Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс интернет кеңістігінде қысым көрді. Көптеген желі қолданушылары Гейтс әлемде жаңа коронавирусты жасау мен таратуға қатысты деп санайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Билл Гейтс коронавирус жасап шығарды деп айыпталуда
Фото: susanin.news: UGC

Оқиға 2015 жылы Билл Гейтстің сөйлеген сөзінен басталды. Ол TED конференциясында сөз сөйлеп, адамзаттың болашағы туралы пікір білдірген.

Атап айтқанда, ол өз сөзінде барлық адамдардың басты жауы - ядролық соғыс емес, өлімге әкелетін белгісіз вирус деген еді.

The New York Times газетінің хабарлауынша, соңғы кездері бұл мәлімдемені желіде 25 миллионнан астам адам көріп үлгерген. Бұл алғашқы кездердегі қаралымнан әлдеқайда көп.

Миллиардердің жаһандық шамадан тыс популяция туралы осы және бұрын айтқан мәлімдемесін ескере отырып, бірнеше адамдар Гейтстен COVID-19 пандемиясының таралуын ұйымдастырды, сондай-ақ вакцина өндірісін бақылай отырып, байыды деп күдіктене бастады.

Гейтс АҚШ президенті Дональд Трамптың ДДСҰ-ға жарнаны тоқтата тұру туралы шешімін сынға алғаннан кейін және бұл ұйымды коронавируспен күресте маңызды деп атағаннан кейін кәсіпкердің Twitter-дегі парақшасында көптеген жағымсыз пікірлер пайда болды,.

Осы твиттен кейін Трамптың жақтастары Гейтстің жеке басы мен қызметіне қатысты теріс пікірлерге қосылып, филантропқа қарсы шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 2,4 миллион адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1851695-bill-gejtske-koronavirus-zasap-sygardy-degen-ajyp-tagyldy/

pixel