Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Найман: Бес-алты жылда спорт министрі боламын

Опубликовано:

Отандық аралас жекпе-жек жұлдызы Қуат Найман алдағы бес жылда спорт министрі болуға ниетті екенін айтты. Атышулы спортшы бұл саланы оған қатысы бар азаматтардың басқарғанын жөн есептейді деп жазады KAZ.NUR.KZ Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қуат Хамитов министрлікті өзі тізгіндегісі келетініне қарағанда қазіргі басшылықтың қызметіне көңілі толмай отырған көрінеді.

Ол бес-алты жыл көлемінде спорт министрі болып қалуы әбден мүмкін екенін айтты.

"Спорт басқармаларында отырған кісілердің көбісінің спортқа еш қатысы жоқ. Ол мысалы мені химия саласындағы қызметке қойса, мен ол саланы білмеймін. Сол себепті, спортшылар ғана осы спорт мәселесімен айналысу керек. Біз бұл саланы жақсы білеміз, түсінеміз. Бұл қиындықтар басымыздан өткендіктен, оларды өзгертуге біздің ғана шамамыз келеді. Бұйыртса, осы алдағы бес-алты жылда спорт министрі болатын шығармын" , - деді Қуат Хамитов.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Найман Қазақстандағы гейлер мәселесіне қатысты пікір білдірді. Спортшы елімізде олардың саны аса көп екенін ойламағанын алға тартты. Ол өзін гейлер қатарына жатқызатын ер азаматтарға деген көзқарасы түбегейлі қарсы екенін жасырмай айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859918-kuat-najman-bes-alty-zylda-sport-ministri-bolamyn/

pixel