Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында қару ұрлап қашқан әскери өз әрекетін түсіндірді

Опубликовано:

фото
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталған кіші сержант сот алдына келді. Ол тіпті мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын да айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

26 тамыздағы сот отырысында қылмыстық істің басты фигуранты Абылай Балғынбай атышулы оқиғаға қатысты түсініктеме берген.

Оның сөзінше, бұл іске әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Дауытов итермелеген. Ол тіпті қорқытты деп отыр.

Соның тапсырмасымен сарбаз қаңтардың 13-і күні әскери бөлімнен тапанша алып шығып, тығып қойғанын жеткізді. Екі аптадан кейін 11 тапаншаны ұрлап алып кеткенін баяндады. Ал ақпан айының 19-ы күні тапаншадан бөлек бірнеше автоматпен қоса оқ-дәрілерді қоймадан алып шыққанын атап өтті.

Сот отырысында кіші сержант өзі ұрлап әкеткен алғашқы тапаншаны сыбайластары арқылы 120 мың теңгеге сатқанын да мойындаған. Одан түскен пайдаға командирдің кездесіп жүрген қызына гүл алып бергенін жасырған жоқ.

"Майор Дауытов Ержан Есімұлы, ол кезде әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы сол кісі ұсыныс білдіріп, егер келіспеген жағдайда менің туысқан әкемнің ағасының баласы менімен бірге бір жерде жұмыс істейді, сол ағаңды және өзіңді бір күнде жұмыстан шығарып қуып жіберемін деді. Егер ұсталған жағдайда мені білесің, ағам бар, әскери полицияның басшысы, подполковник Дауытов, атын білмеймін", - деді айыпталушы.

А. Төребекқызы

Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871301-trkistan-oblysynda-karu-rlap-kaskan-skeri-z-reketin-tsindirdi/

pixel