Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық жігіт бұрынғы әйелін кездесуге шақырып, тонап кетті

Опубликовано:

жуп
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда 40 жастағы ер адам азаматтық некеде әйелін тонағаны үшін сотталды. Күдікті келіншекті жалдамалы пәтерге шақырып, алтыны мен қаракүзен тонын ұрлап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап.

Сотталушы өз іс-әрекетімен жәбірленушіге 1 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Сот материалдарының дерегінше, ер адам бірнеше рет қарашылық әрекеті үшін сотталған.

Жәбірленушінің айтуынша, олар бір кездері бірге тұрып, кейін айырылысып, келіншек Ресейге кетіп қалған.

Өткен жылдың желтоқсанында әйел Қарағандыға ата-анасына келіп, бұрынғы танысымен кездеспек болған. Ер адам әйелді жалдамалы пәтерге шақырған.

Сөйтіп айыпталушы келіншекке күш қолданып, оны тонап кеткен. Болған оқиғадан кейін әйел полицияға жүгінген. Сотталушы көп ұзамай спорт залында қолға түскен. Сондай-ақ ол полицияға ұрлаған заттарын берген.

Сот барысында жәбірленуші бұрынғы сүйіктісінен материалдық және моральді шығынның өтемі ретінде 1,5 миллион теңге талап еткен.

Ер адам келіншекті тонағанын мойындап, бірақ оған физикалық күш көрсеткенін жоққа шығарды. Айтуынша, алтын мен қаракүзен тоны өзіне тиесілі. Өйткені бірге тұрған кезде келіншекке материалдық тұрғыдан көп көмек көрсеткен.

Оқиғаның мән-жайы мен қылмыстың қайталануын ескеріп, Қазыбек би аудандық соты қарағандылықты 5,5 жылға бас бостандығынан айырған. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушіге 1,1 млн теңге өтемақы бермек.

Еске сала кетсек, Атырауда 24 жастағы ер адам мектептен ноутбук ұрлағанын жаздық.

Сондай-ақ, Ақтөбеде Kaspi қосымшасы арқылы 325 мың теңгені ұрлаған азамат қолға түскенін хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1871429-karagandylyk-zigit-bryngy-jelin-kezdesuge-sakyryp-tonap-ketti/

pixel