Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде алғаш рет ВИЧ жұқтырған адам ауруды өзі жеңіп шықты

Опубликовано:

вич
Көрнекі фото: pxhere.com

Калифорнияның 66 жастағы тұрғы Лорин Уилленбергтің организмі АИТВ вирусын өзі жеңді. Бұл әлемдегі алғашқы жағдай деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Лорин Уилленбергке қауіпті диагноз 90 жылдардың басында қойылған. Ғалымдар Лоринді жылдар бойы зерттеген. Өйткені оның иммунитеті вирусқа қарсы тұруға қабілетті болған.

Бүгінде ағзасында АИТВ іздері қалмаған әйел адамның айтуынша, ол вирусқа қарсы ешқандай дәрі қабылдамаған.

Дәрігерлердің түсіндіруінше, оның организмі инфекциямен табиғи жолмен күрескен.

Ғалымдардың сөзінше, енді Лорин Уилленбергті АИТВ-ден жазылған пациенттер қатарына қосуға болады.

Жалпы Лориннен бөлек зерттеуге тағы 63 адам қатысқан. Зерттеу олардың арнайы ем қабылдамаса да, ағзаларындағы вирус жасушалары көбеюге қауқарсыз екенін көрсеткен.

Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында Ұлыбритания ғалымдары АИТВ жұқтырған адамды емдеп шығарғанын жазған едік.

Сол кезде Равиндра Гупта деген британдық дәрігер науқасқа қатысты "жазылды" деген сөздің орнына "ауруды тоқтаттық" деп айтуды жөн санайтынын жеткізген еді. Себебі, пациенттің тек қаны тексерілген, басқа дене мүшелеріне талдама жүргізілмеген.

Бірақ АИТВ бірнеше жылда анықталмайтын болса, "лондондық науқас" әлемде АИТВ дертінен айыққан екінші адам болатыны да айтылған еді.

Ал әлем бойынша ВИЧ-тен емделген алғашқы науқас ол - берлиндік Тимоти Рэй Браун екенін айта кетейік.

Сондай-ақ, 2006 жылы Шымкентте 149 бүлдіршін дәрігерлердің салғырттығынан қауіпті ВИЧ-ті жұқтырып алған еді. Сол оқиғадан бері 13 жыл өткенде ауруға шалдыққан балалардың өмірі жайлы деректі фильм түсірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1871679-lemde-algas-ret-vic-zktyrgan-adam-aurudy-zi-zeip-sykty/

pixel