Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қанша пайызға өседі

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: optimism.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметшілер санын қысқартқаннан кейін, төмен буындағы қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 15% көтерілетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бизнес процестерді жеңілдету және автоматтандыру жолымен мемлекеттік органдарда штат саны оңтайландырылады. Бірқатар басқару тобын қысқарту ұсынылмақ.

"Төмен буындағы қызметкерлер жалақысының көтерілуі ынталандырушы фактор болмақ. Былтыр олардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Штат санын оңтайландырудың арқасында, жалақы орташа есеппен тағы 15 процентке артады", - деді Дәленов үкімет үйінде өткен брифингте.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауында барысында мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қалыпқа келтіру қажеттілігін атап өтті.

Президент коронавирус пандемиясы мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын дәлелдегенін және бұл жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы квазимемлекеттіксектор қызметкерлері мен мемлекеттік орган штатын қысқартуды тапсырды.

Оның сөзінше, үнемделген қаражат есебі арқылы басқа мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады.

Сонымен қатар президент қос азаматтығы бар шенеуніктерді де жұмыстан босату керектігін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872586-memlekettik-kyzmetkerlerdi-zalakysy-kansa-pajyzga-sedi/

pixel