Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада онлайн сабақта порно-видео қосылып кетті: Тиісті мекеме түсініктеме берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Елордада әлдебіреулер порно-видеоны онлайн сабақ барысына қосып жіберген. Бесінші сынып оқушылары білім нәрімен сусындап жатқанда әлгі сорақы көз алдарынан шыға келіпті. Қазір бұл масқараға кінәлілерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері іздеп жатыр. Ал сарапшылар бұл келеңсіздікті онлайн оқыту платформасына деген жауапсыздықтың кесірі деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ұятсыз видео өтіп кеткен онлайн сабақтың сілтемесін оқушылардың бірі жариялап қойған. Онлайнды ойыншық көрген оқушылармен ата-аналары түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс, деп отыр ведомство өкілдері.

Шырқы қашқан сабаққа қатысты істі Ішкі істер министрлігі қарауына алғанын хабардар етті. Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 311-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны белгілі болды.

Сонымен қатар бұл жағдайға қатысты Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева да түсініктеме беруді ұмытқан жоқ.

"Бүгінде әр мектепте информациялық технологияларға жауап беретін директордың орынбасарлары бар. Олар информатика пәнінің арнайы мамандары. Бұл келеңсіздік барлығымызды күйзелтіп тастады. Негізінде зум қосымшасымен жұмыс істемейтінбіз. Бірінші күні барлығында логин мен құпия сөздері болмаған соң, осы қосымшаға жүгінген болар", - деді ол.

Ал ІТ қауіпсіздіктің мамандары киберпедагогикадағы шикілікпен қазірден айналысуға шақырады.  

"Онлайн-әжуа бүгінгі интернет желілерінде кеңінен таралған. Желіде жүгенсіздік жасайтындар кез келген онлайн сабаққа қосыла салып, ойына келген заттарын көрсете береді. Мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін оқыту платформасын ауыстыру керек. Әр оқушы өз атынан құпия сөзді енгізіп кіретін болса, қауіпсіздікті арттыруға болады", - деді Кибершабуылдарды сараптау және зерттеу орталығының президенті Олжас Сәтиев.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында математика пәнінен онлайн сабақ уақытында бесінші сынып оқушыларына порно көрсетілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872767-elordada-onlajn-sabakta-porno-video-kosylyp-ketti-tiisti-mekeme-tsinikteme-berdi/

pixel