Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда үй құсы жаппай қырылып жатыр

Опубликовано:

тауықтар 6546
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында үй құстарының жаппай қырылу фактілері тіркелді. Бұл туралы өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Жаппай қырылу Тимирязев ауданының Тимирязево, Элеваторный елді мекендерінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында тіркелді. Барлығы 686 бас құс қырылды", – деп мәлімдеді СҚО прокуратурасы.

Үй құстары өртеліп, аулаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Қадағалау органының мәліметінше, ветеринарлық қызмет зертханалық тексеріс үшін құстың қаны мен ішкі ағзаларын алған. Олар құстың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Петропавл қаласына жіберілді.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Қазіргі уақытта тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр.

Прокуратура аудан тұрғындарын тыныштық сақтап, байбалам салмауға шақырды.

Еске сала кетейік, биылғы шілде айының аяғында Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөлде демалушылар қырылып жатқан үйректерді байқаған болатын. Судың сынамасын алу үшін оқиға орнына мал дәрігерлері мен "Қазгидромет" қызметкерлері аттанды.

Туристердің бірі Instagram парақшасында қырылып жатқан құстардың фотосы мен видеосын жариялап, оқиғаның Алакөл көлінің Шығыс Қазақстан облысы жағында (Қабанбай ауылы, Аралтөбе) орын алғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне көлікпен кірген жүргізушінің жауапқа тартылғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874001-soltstik-kazakstanda-j-ksy-zappaj-kyrylyp-zatyr/

pixel