Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин Алматыда ЖРВИ мен тұмаумен ауыру қашан басталатынын айтып берді

Опубликовано:

маска тағу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистің тұмаудың толқынына қалай дайындалғанын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекшиннің айтуынша, өткен аптада 1219 тұмау жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 62 пайызы балалар.

Дәрігер жыл сайын қауіп тобындағы адамдарға тұмауға қарсы тегін вакцина салынатыны айтты. Ал биыл медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұратын және жиі ауыратын балаларға, 6 айдан асқан балалар мен балалармен бірге тұратындарға екпе тегін егілмек.

"Аяғы ауыр әйелдер мен қарттар үйінде тұратын егде жастағы адамдар мен мүгедектер, сондай-ақ 60 жастан асқандар да қауіп тобына жатады", - деді Бекшин.

Алдағы маусымға қалалық бюджеттен 130 мың доза көлемінде ресейлік үш валентті вакцина сатып алуға қаражат бөлінген. Сонымен қатар, 260 миллион теңгеге қазан айында келетін 300 мың дозаға өтініш жасалған. Жаппай вакцинация ертең басталмақ.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 14 күнде иммунитет қалыптасып, маусым бойы сақталады. Басқа санаттағы адамдарға вакцинация жұмыс берушінің есебінен немесе өз қаражатынан жасалады. Вакцинаның бағасы 2 мың мен 4 мың теңге аралығында болады.

"Болжамға сәйкес, біз инфекциялардың - тұмаудың, ЖРВИ-нің көбеюі қарашаның соңында басталып, шыңы ақпан-наурыз айларында болады деп ойлаймыз. Коронавирус пен тұмаудың таралу жолдары бірдей - жанасу және ауа тамшылары, сондай-ақ алдын алу шаралары да бірдей.
Бала бақшалар мен мектептерде кезекші топтар жұмыс істейтіндіктен таңғы фильтр күшейтілуде. Халыққа ойдағыдай қызмет ету үшін қаладағы емхана мекемелерінің 116 телефон нөмірлері, сонымен қатар үйге қызмет көрсету үшін қосымша 92 автокөлік бөлінді. Тұмаумен ауырған ауыр науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 485 төсекті өзгерту жоспарлануда", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ ол профилактикалық шараларды еске салды. Науқастармен байланысқа түспеу, маска тағу, вирусқа қарсы майларды қолдану, өзін-өзі емдемеу, дезинфекциялау және желдету, науқастарды оқшаулау, сонымен қатар дәрігерлердің нұсқауы бойынша дәруменге бай тағамдар, итмұрын, қарақат тұнбалары, поливитаминдер тұтыну керек.

Еске сала кетсек, еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тұмауға қарсы вакцина алды.

Сондай-ақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі елімізде тұмауға қарсы вакцинация науқанының 15 қыркүйекте басталатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874210-beksin-almatyda-zrvi-men-tmaumen-auyru-kasan-bastalatynyn-ajtyp-berdi/

pixel