Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында келіні мен енесі төбелесіп қалды

Опубликовано:

төбелес 12
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында кимін алып кетуге келген келін енесімен және қайын сіңлісімен төбелесіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода келіні мен енесінің бір-біріне қол көтеріп, шаш жұлысуға дейін барғаны түсіп қалған. Оларды ажыратпақ болып жүрген азаматшаның киімі жыртылып, екеуі де жерге құлағанын көруге болады.

Оқиға 29 тамыз күні Арыс қаласында болған. Оны Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықтады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпарынша, Арыс АПБ 102 пултіне жергілікті тұрғын арызданып, үйінде айқай-шу болып жатқанын хабарлаған. Жәбірленуші әйел ажырасқан келінінің туыстарымен келіп, өзіне дене жарақатын салғанын жеткізген.

Ол аталмыш дау бейнежазбаға түсіріліп, мессенджер арқылы тарағанын және абыройына нұқсан келтіргенін жеткізді. Аталған ақпарат бойынша тексеру жүргізген тәртіп сақшылары ажырасқан келіні киімдерін алып кетуге келгенде төбелес басталғанын анықтаған.

"Келіні мен енесі өзара келіспей дау шығып, жаға ұстасқан. Тіпті, бір-бірінің киімін жыртып, дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда ішімдікке сылқия тойған ер адамның бейтаныс әйелді ұрып-соққаны туралы хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бұдан бұрын Алматы полициясы тек егде жастағы адамдарға шабуыл жасаған ер адамды қолға түсірген болатын. 39 жастағы ер адам зейнет жасындағы әйелдің мойнындағы алқаны жұлып алып, қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1874433-trkistan-oblysynda-kelini-men-enesi-tbelesip-kaldy/

pixel