Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда пандемия салдарынан жезөкше ер адамдар көбейіп жатыр

Опубликовано:

жез жігіт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда интимді қызмет көрсететін ер адамдар саны көбейген. Сарапшылар мұны коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Еуразия бірінші арнасының" тілшілерінің хабарлауынша, жұмыссыздықтың өсуі кейбір ер адамдардың мамандығын ауыстырып, интим қызмет көрсету саласына ауысуына себеп болған.

Олардың айтуынша, өткен ғасырдың 30 жылдарында Ұлы депрессия кезінде жезөкше ер адамдардың көбейгені байқалған. Шамамен 100 жыл өткенде экономикалық дағдарыс басталып, жыныстық қызмет көрсету саласы қайта дами бастаған.

Енді арна тілшілерінің сөзінше, жезөкшелікпен айналысатын жігіттерге жаңа технологиялар көмекке келуде. Мәселен, көрсетілетін қызметтің ассортименті мен бағасын, автордың фотосы көрсетілетін арнайы сайтта ер адамның анкетасы болса болғаны.

Журналистер осы саланың өкілі Арсенмен сөйлескен. Ол интим қызмет нарығына 7 ай бұрын келіпті. Жігіт 27 жаста, бұған дейін ол құрылыс саласында жұмыс істеген. Жас жігіттің сөзінше, ол интимді қызмет көрсетіп, аптасына 20-30 мың теңге табады.

Арсеннің айтуынша, ол пандемияның кесірінен бұрынғы жұмысынан айырылып қалған.

Телеарна тілшісі өзін клиент ретінде таныстырып, осы саланың тағы бір өкілімен кездесті. Жігіттің сөзінше, ол бір жылдан бері интим қызмет көрсетіп келеді. Жыныстық қатынас жігіттің хоббиі іспеттес. Яғни, ер адам мұнымен жұмыстан бос уақытында айналысады.

"Тәжірибем бар. Не қаласаңыз бәрін жасаймын", - деді ол клиентпен сөйлескен кезде.

Қоғам қайраткері Оралбек Өтеғұлов осы мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті.

"Әр адамның өз құндылығы, мораль деңгейі бар. Иә, қазір елде дағдарыс. Көптеген адамдар жұмыссыз қалды. Студенттер мүлдем кедейленіп кетті. Міне жеңіл ақша табудың жолын іздеп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, сексолог Салтанат Мұратова да пікір қосты. Оның айтуынша, жезөкше ер адамдар саны расымен де көбейіп жатыр.

"Олар көбейіп жатыр. Олар бір-бірін қолдап, қоғамдастық құрады. Олар үшін бұл қалыпты, олар бұдан ұялатындай ешнәрсе көрмейді. Бұл осындай өмір сүру салты", - деді маман.

Сексологтардың айтуынша, осындай қызмет ұсынатын ер адамдарға жалғызбасты әйелдер немесе үстем болғанды ұнататындар жүгінеді.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында полицейлер 15 жезөкшені қолға түсіргенін хабарладық.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы қаласында массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1874507-kazakstanda-pandemia-saldarynan-zezkse-er-adamdar-kbejip-zatyr/

pixel