Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ресеймен жаңа келісім жасамақшы

Опубликовано:

Ресей Қазақстан1
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Қазақстан Ресеймен шекараның мызғымастығы және ішкі істерге араласпау қағидаттарына негізделген әскери ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасасуға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы жобасына сілтеме жасап.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы" жарлығы жобасын дайындап, "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауға жария етті.

Құжатта Қазақстан мен Ресей одақтастық және стратегиялық әріптестік, мемлекеттік егемендікті және аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шекаралардың мызғымастығы, дауларды бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау немесе күшпен қатер төндіру, тең құқықтық және ішкі істерге араласпау, халықаралық құқық міндеттемелері мен нормаларын адал орындау қағидаттарын ұстана отырып, әскери ынтымақтастық туралы келісім жасайтыны айтылған.

Тараптар келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтасады:

  • Тараптардың бірі ресми өтініш жасаған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Тараптардың әскерін (күштерін) қолдануды бірлесіп жоспарлау;
  • Тараптардың бірі ресми өтініш жасаған жағдайда өңірлік қауіпсіздікке қыр көрсету мен қауіптерге қарсы бірлескен іс-қимыл;
  • жедел және жауынгерлік даярлық;
  • әскери білім және ғылым;
  • халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл;
  • бітімгершілік қызмет;
  • әскерлердің (күштердің) қызметі және оларды жан-жақты қамтамасыз ету,
  • Тараптар аумақтарында Тараптардың әскери құралымдарының қызметін қамтамасыз ету;
  • екіжақты шарттық-құқықтық базаны жетілдіру;
  • Тараптардың әскери делегацияларының халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуы шеңберіндегі өзара іс-қимыл;
  • мемлекеттік құпияны қорғау.

Келісім жобасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келісімді алмастыру үшін әзірленді.

Жаңа шарт жобасы екі елдің әскери ынтымақтастығын жаңартуға және дамытуға бағытталған, себебі ескі шарттың кейбір ережелері қазірдің өзінде іске асырылып қойған (полигондарда, өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әскерлерді бірлесіп жоспарлау және пайдалану туралы, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан әскери құрамалардың мәртебесі туралы, әскери жүктерді тасымалдау туралы бөлек халықаралық шарттар жасалды, әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитет құрылды).

Шарт он жылдық мерзімге жасалады. Оның күші егер тараптардың біреуі екінші тарапқа тиісті мерзім аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын келісімді тоқтату туралы жазбаша түрде дипломатиялық арналар арқылы хабарламаса, келесі он жылдық кезеңдерге автоматты түрде жаңартылады.

Еске салсақ, Ресей Федерациясы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасымен әуе қатынасын қайта жандандырады.

Бұған дейін, Ресей Беларуське мемлекеттік кредит беруді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин беларусьтік әріптесі Александр Лукашенкомен кездесуінде мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875305-kazakstan-resejmen-zaa-kelisim-zasamaksy/

pixel