Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде бір университетті үш ректор басқарып отыр

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Семейдегі Шәкәрім университетінің жағдайы қиын. Брифинг барысында білім беру мекемесінің өкілдері университет басшылығының үнемі ауысып отыратынын айтты. Белгілі болғандай, қазір үш адам ректор қызметін қатар атқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Брифингке қатысушылар университет биылғы сәуірден бастап күрделі кезеңді бастан кешіп жатқанын айтты. Жоғарғы оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. Осы өтпелі кезеңде оқу орны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бағынады және ол аяқталғаннан кейін университет тағы да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бағынады.

"Өтпелі кезеңнің өзі қиын, және бұл тұрақсыздыққа басшылықтың үнемі ауысып отыруы ықпал етеді. Егер 29 сәуірде университеттің басшысы болып Мұқаев Жандос Төлеубекұлы тағайындалса, онда 21 мамырда Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен тағы бір басшы тағайындалды. Әміржан Леонидұлы Қасенов ректордың міндетін атқарушы болды. Осыдан кейін Мұқаев қызметінен кету туралы өтініш жазды. Енді Мемлекеттік мүлік комитеті басқа басшыны тағайындады. Бұл жолы ол Ұлан Бағдатұлы Тілемісов. Екі ай өтті, тағы 11 қыркүйекте жаңа көшбасшы - Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов келді", - деді университет ректоры кеңсесінің меңгерушісі Марат Әбдікәрімов.

"Мен соңғы үшеуінің тағайындалғаны туралы бұйрықтың барын, ал жұмыстан босатылу туралы бұйрықтың жоқ екеніне назар аударғым келеді. Үш адам бір уақытта ректордың міндеттерін орындайды. Біз баспасөздің күшін қолдана отырып, жанайқайымызды жоғарыға жеткізгіміз келеді. Біздің командадағы ішкі және әлеуметтік шиеленістің алдын алу қажет", - деп атап өтті Әбдікәрімов.

Айта кетейік, университет 1934 жылы құрылған. Жоғары оқу орны педагогикалық, зоотехникалық және малдәрігерлік, технологиялық және қаржылық институттан тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жергілікті 25 ЖОО лицензиясын қайтарып алғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен докторантура студенттері жаңа оқу жылында қалай оқитынын түсіндіріп берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875859-semejde-s-rektor-universitetti-bir-uakytta-baskarady/

pixel