Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Әуежайлар мен вокзалдарда қатаң эпидемиялық бақылау режимін қайтару керек

Опубликовано:

Тоқаев әуежайлар мен вокзалдардағы қатаң эпидемиологиялық режимді қайтаруды тапсырды
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиологиялық бақылауды қайта енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кеңес барысында көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын еске салды.

Осы орайда президент еліміз мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттеріндегі бақылауды күшейту керегін баса айтты.

"2020 жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырудың 12 608 (өсім шамамен 1 пайыз), Өзбекстанда 374 (өсім 0,5 пайыз), Қырғызстанда 244 жағдай (өсім 0,5) тіркелді. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында эпидемиялық бақылаудың қатаң режимін қайтару керек және "қызыл аймақтардан" келетін адамдарды экспресс-тестілеуден өткізу мәселесін шешу қажет", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үкіметке шетелдермен, әсіресе жағдай күрделеніп тұрған мемлекеттермен жол қатынасын барынша оңтайландыруды, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде бақылауды күшейтуді тапсырды.

Еске салсақ, кеңес барысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырмаларды орындау кезінде асыра сілтеушілік болғаны үшін ескерту жасады. Мәселен, "СҚ-Фармация" және МӘМС ісін тергеу салдарынан шенеуніктер бүкіл денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды тоқтатып қойған.

Сонымен қатар президент кеңес барысында коронавирустың екінші толқынына емханалары мен ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878340-tokaev-uezajlar-men-vokzaldarda-kata-epidemialyk-bakylau-rezimin-kajtaru-kerek/

pixel