Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Опубликовано:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкерлері есірткі тұтынып, басқару құқығынсыз автокөлік айдаған жүргізушіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері 4 қазан күні Қонаев пен Смағұлов көшелерінің қиылысында "Опель-Астра" автокөлігін тоқтатқан.

Анықталғандай көлік рөліндегі 21 жастағы жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Бұдан бөлек оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.

Ал сыртқы тексеру кезінде жүргізушінің шалбарының қалтасынан марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қағаз пакет тәркіленген.

Бұл фактілер бойынша көлік құралын басқару құқығын беретін құжатсыз, есірткі қабылдап көлік құралын басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі және ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,  тасымалдау) бойынша тергеу басталды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда полиция қызметкерлері мас күйінде темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар ішкі істер министрлігі елімізде жол ережесін бұзғандардың статистикасын жариялаған болатын. Оған сәйкес жол тәртібіне мойынсұнбау жағдайы 3 миллионнан асып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878491-aktbede-esirtki-pajdalanyp-klik-ajdagan-zrgizusi-staldy/

pixel