Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қырғызстан қауіптің алдында тұр": Сооронбай Жээнбеков жаңа мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков. Видеодан кадр: "Президент КР" YouTube арнасы

Бішкекте өткен қақтығыстардан кейін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков халыққа арналған жаңа видеоүндеуін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының айтуынша, кейбір саясаткерлердің асқақ амбициялары қырғызстандықтардың бейбіт өмірі мен елдегі тыныштықты қауіптің алдына қойған.

"Саяси үндеулермен қатар ел бірлігі мен қоғамның бейбіт өміріне нұқсан келтіретін арандатушылық шақырулар да болды. Қырғызстан қауіптің алдында тұр". - деді Жээнбеков.

Сондай-ақ ол астанаға не себепті төтенше жағдай енгізгенін түсіндірді.

"Біздің азаматтарымыздың бейбіт өмірін саяси құмарлыққа құрбан етуге болмайды. Дәл сол себепті ел астанасы Бішкекке төтенше жағдай енгізілді", - деді президент.

Жээнбеков өз мәлімдемесінде конституциялық өкілеттілігі аясында елдің бүтіндігі мен бейбітшілігін сақтап қалу үшін барын салатынын айтты.

"Еліміздің барлық сау күштері мені толық қолдайтынына сенімдімін. Бүгін біз мемлекеттілігімізге нақты қауіп туындағанының куәсі болып отырмыз. Сол себепті біз бақылаушылар қатарында болмаймыз және бұл қиын күндерден бірге шығамыз", - деді президент.

Еске сала кетсек, Бішкекте бүгін болған қақтығыстан кейін бес адам ауруханаға жеткізілген.

Зардап шеккендер қатарында Қырғызстанның премьер-министрлігіне үміткер Тилек Токтагазиев, сонымен бірге елдің бұрынғы үкімет басшысы Темир Сариевтің оққағары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878875-kyrgyzstan-kauipti-aldynda-tr-sooronbaj-zeenbekov-zaa-mlimdeme-zasady/

pixel