Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Көз жұмған 182 медина қызметкерінің отбасына 10 млн теңгеден төленеді

Опубликовано:

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Қазақстанда жұмыста жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден әлеуметтік өтемақы төленеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, төлем осы аптаның соңына дейін жасалмақшы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында коронавирус пен пневмониядан көз жұмған медицина қызметкерінің отбасы түгел әлеуметтік төлем алатыны белгілі болды.

"Ауырған және қайтыс болған медицина қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік төлемді қарау және беру рәсімдерін жеңілдету үшін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 2020 жылғы 10 қазандағы Бірлескен бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Осылайша, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жайлы отырыста берген тапсырмасы жедел, қысқа уақытта орындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында үстемақы ала алмай жүрген дәрігерлердің "НеМолчиKz" қоғамдық қорынан көмек сұрап, өз жанайқайларын жеткізгені туралы хабарланған еді.

Медбикелердің айтуынша, олар пандемия кезінде небәрі 29-50 мың теңге арасында сыйақы алған. Қызметкерлер жұмыс орнында ауру жұқтырғандарға 2 млн теңге өтемақының да берілмегенін атап өтті.

Бұл ретте Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі орын алған жағдайларға түсінік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879173-koronavirus-kz-zmgan-182-medina-kyzmetkerini-otbasyna-10-mln-tegeden-tlenedi/

pixel