Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 118 жолаушы ПТР анықтамасыз Нұр-Сұлтанға ұшып келген

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанға бүгін түнде халықаралық рейстер бойынша тағы 4 ұшақ келіп қонған. Air Astana, Turkish Airlines пен Flydubai әуе компаниялары орындаған рейстермен 569 жолаушы ұшып келген. Олардың 118-де ПТР анықтама болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, анықтамасы жоқ жолаушылар бірден стационарға жіберілген.

ПТР-тесттен өткеннен кейін олар үйлеріне қайтарылады. Ал тест қорытындысы оң нәтиже көрсетсе, ондай жолаушылар инфекциялық стационарға жіберіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда:

Оған сәйкес:

● Жолаушылар міндетті түрде дене қызуын тексертуі керек. Ол үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.

● Жолаушылар терминалында тәулік бойы санитарлық-карантиндік бекет бригадалары жұмыс істейді.

● Ішкі және халықаралық рейстерге арналған ұшу және қону аймақтарында жолаушыларға арналған санитайзерлер орнатылған.

● Жолаушыларды тіркеу, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында 1,5 мтерлік әлеуметтік қашықтықты сақтау тәртібі еденде нақты сызбамен көрсетілген.

● Әуежайдың ішкі аумағын арнайы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық өңдеу жиілігі артты. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептик қолданылады.

● Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келетін әуе кемелерінің бәрі де дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сонымен қатар тұрақты түрде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

● Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша әуежай қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанға шетелден келген 104 жолаушының карантинге алынып, біреуінің депортацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ, 8 қазанда Нұр-Сұлтанға ПТР-тест анықтамасыз ұшып келген 122 адам карантинге алынғанын жазған болатынбыз. Әуежайға қонған төрт ұшақтың бортында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879476-tagy-118-zolausy-ptr-anyktamasyz-nr-sltanga-syp-kelgen/

pixel