Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат: Қырғызстан президенттігіне басты үміткер Жапаров сайлауға түсе алмайды

Опубликовано:

Садыр Жапаров говорит в микрофон
Садыр Жапаров. Фото: Abylai Saralayev/TASS/Getty Images

Қырғызстанда президенттікке басты үміткер саналатын Садыр Жапаров мемлекет басшысы бола алмай қалуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы әрі елдің премьер-министрі Садыр Жапаров алдағы президенттік сайлауға қатыса алмайды.

Бұл туралы бүгінгі парламент отырысында депутат әрі Қырғызстан Конституциясы авторларының бірі Омурбек Текебаев айтты.

Елдің заңнамасына сәйкес, президент міндетін атқарушы мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымға сайлануға құқылы емес.

"Заң бойынша сіз, Садыр Нұрғожаұлы, президенттікке үміткер бола алмайсыз", - деді депутат.

Айта кетейік, кеше, 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков президент қызметінен отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Ал бүгін парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде Сооронбай Жээнбеков сөз сөйледі. Ол халқынан кешірім сұрап, өзімен жұмыс істегендердің барлығына алғысын айтты.

Еске сала кетсек, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан еді.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880030-deputat-kyrgyzstan-prezidenttigine-basty-mitker-zaparov-sajlauga-tse-almajdy/

pixel