Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрметті бандиттер": Қырғызстан ҰҚК төрағасы қылмыс әлемінің серкелеріне қатаң талап қойды

Опубликовано:

Қамшыбек Ташиев
Қамшыбек Ташиев. Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев баспасөз конференциясы кезінде елдегі қылмыс әлемінің серкелеріне талап қойып, олардың ешқайсысы екі-үш "лексус" мінбеуі керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ташиевтың сөзінше, елде қарақшылықпен күресті қатаң түрде жүргізу жалғаса береді.

"Бұдан былай ешкім ешкімге қорған болмайды. Құрметі бизнес, көтеріліңіздер, өтінеміз, бізге ақпарат беріңіздер. Егер кімде кім бір жерде біреуді қорғайтын болса немесе қысым көрсететін болса, біз олардың қызметіне қарамастан бәрін жазалаймыз", - деді Қамшыбек Ташиев.

Сонымен бірге ол қылмыс әлемінде аты аталатын Камчи Кольбаев заң бұзса, жазаланып, қамауға алынатынын айтты.

"Құрметті бандиттер, сіздерге өте аз уақыт беріледі. Сіздер заң бойынша өмір сүресіздер немесе камераға отырасыздар немесе мемлекетімізден көшіп кетіңіздер. Енді елде қарашылық пен жемқорлық болмайды", - деді Ташиев.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден соң ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Сондай-ақ парламент отырысында депутат әрі Қырғызстан Конституциясы авторларының бірі Өмірбек Текебаев Садыр Жапаровтың алдағы президенттік сайлауға түсе алмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан еді.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880255-krmetti-banditter-kyrgyzstan-kk-tragasy-kylmys-lemini-serkelerine-kata-talap-kojdy/

pixel